Фонетика тіл білімі

Фонетика (грек. φωνητῐκός – дыбыстық, дауыстық) — тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы.

Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.

Фонетикалық дыбыстаңба


Фонетикалық дыбыстаңба, фонетикалық транскрипция (лат. латtranscriptio -қайта көшіріп жазу) — ауызша айтылған сөздің дыбысталуын неғұрлым дәл беру үшін қолданылатын жазу тәсілі.

Фонетикалық жазу

Фонетикалық жазу — дыбыстық жазу. Емле ережелерінің фонетикалық принципіне негізден жазу, яғни сөздерді айтылуы бойынша жазу. Қазақ жазуында түбір сөздердің көпшілігі айтылуы бойынша жазылады.

Мысалы: ара, ата, екі, көз, бас, құс, түн.

Фонетикалық заңдар

Фонетикалық заңдар — тілдің дыбыстық материясының қызметі мен дамуының заңдылықтары. Олар дыбыстық бірліктердің тұрақтылығын және үздіксіз болып отыратын өзгерістерін, өзара алмасуы мен тіркесуін реттеп отырады.

Мысалы, қазақ тіліндегі екі дауысты дыбыстың арасындағы қатаң дауыссыздың ұяңдауы (қап-қабы, тап-табу), көрші дыбыстардың бір-біріне икемделуі (ерінбеу—ерімбеу, сөзшең — сөшшең).

Мысалы: соқ — согым — сойу, семіз— семір, көз—көр, сөз — сөйле.

Фонетикалык сөз

Фонетикалық сөз — екпін түспейтін көмекші сөздермен, шылаулармен тіркесіп келетін дербес сөз.

Мысалы: Сен ғой, мың қаралы, ән сал.

Фонетика сөзінің мағынасы Бүгінгі тіл білімінде фонетика сөзінің кең және тар мағынасы қалыптасқан. Кең мағынада фонетика тіл дыбыстарын зерттейтін ғылымның бір саласы, ал тар мағынада тіл дыбыстарының сөз ағымындағы, дыбысталған сөздегі көріністері мен әр түрлі құбылыстарын зерттейтін бөлімі дегенді білдіреді. Кең мағынадағы тіл ғылымының бір саласы ретінде фонетика жалпы және жеке немесе жекелеген тілдердің фонетикасы болып бөлінеді.

Фонетиканың зерттеу тәсілдері

адамның дыбыстау аппаратының мүмкіндіктерін, дыбыстық бірліктердің акустикалық, артикуляциялық, перцепциялық ерекшеліктерін зерттеп, оларды айырым белгілеріне қарай таптастырады;

дыбыстардың әуендік, әуездік сипаттарын анықтайды;

дыбыстардың тіркесімділігін, буын ерекшеліктерін, олардың сөздегі үйлесімі мен үндесімін;

буын табиғатын, дыбыстардың буынға бірігу заңдылықтары мен сөз ағымының буынға жіктелуінің факторын;

сөздің фонетикалық ұйымдасуын, екпін мен үндестік заңын;

сонымен қатар тілдің интонациялық құралдары болып табылатын дауыс әуенін (негізгі тон жиілігін), қаттылығын (интенсивтілігін), жылдамдығын, әуезін, кідірістерді қарастырады.

Фонология

Дыбыстық жүйеде тілдің құрылымын зерттейтін тіл білімінің фонетика саласының үлкен бөлігі; Жекелеген тілдің фонетикасы осы мәселелерді нақты бір тілге қатысты қарастырады.

Жекелеген тілдің фонетикасы сипаттама немесе синхронды, тарихи немесе диахронды болып сараланады.

диахронды

диахронды фонетика тілдің дыбыстық жүйесі мен ондағы құбылыстардың тарихын, уақыт пен кеңістіктегі өзгерістерін, яғни динамикасын зерттейді.

синхронды

Синхронды фонетика тілдің қазіргі жағдайындағы дыбыстарын, дыбыстық құбылыстарын, яғни дыбыстық жүйенің статикасынзерттейді.