Хилак® форте-тамшылар
Қолданылуы
ішек инфекциясын өткергеннен кейінгі, бактерияларға қарсы, гормональді, сәулелік еммен ұзақ емдеу салдарынан болған ішек дисбактериозында
созылмалы атрофиялық гастроэнтеритте, әртүрлі себептерден болған созылмалы колиттерде
диспепсия және ішек дисфункциясы (жүрек айнуы, метеоризм, диарея, іш қату, саяхатшылар диареясы, гипо- және анацидті жағдайлар, сонымен қатар жүктілік кезінде)
атопиялық дерматит, экзема, есекжем
өт қалтасы, өт шығару жолдарының және бауыр ауруларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға - тәулігіне 3 рет 40-60 тамшылардан,
2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға - тәулігіне 3 рет 20-40 тамшылардан,
жаңа туған кезеңінен 2 жасқа дейінгі балаларға дене салмағының әр 1 кг-на 5-10 тамшылардан
Қолдануға болмайтын жағдайлар
препаратты жеке көтере алмаушылық
лактозаны көтере алмаушылық
Лапп лактаза тапшылығы
Дәрілік түрі
Тамшыларлар
Құрамы
Escherichia coli DSM 4087 - 24,9481 г
Lactobacillus acidophilus DSM 4149 - 12,4741 г,
Enterococcus faecalis DSM 4086 - 12,4741 г,
қосымша заттар
натрий фосфатының гептагидраты
калий гидрофосфаты
сүт қышқылы
қанықтырылған фосфор қышқылы
калий сорбаты
лимон қышқылының моногидраты.