Распаковка кестесі

Осы шақ

Таныстарыңыз, жақындарыңыз, блогтағы оқырмандарыңыз сізден не жайлы көп сұрайды?

Менен намаз қалай бастау және дұрыс оқу туралы сұрайды. ы

Дәрумендерді қалай ішуді, денсаулықты қалай күтуді сұрайд

Жұмыстағы және өмірдегі 10 жетістігіңіз.

Жұмыстағы жетістіктерім НИПИнефтегазда жұмыс жасап жүргенімде мен ең басында техникалық аудармаларды білмейтінмін және ағылшын адамдарымен тікелей сөйлесіп көрмеппін. Осы жерде жұмыс жасап жүріп көп техникалық сөздерді үйрендім. Өзім ұялшақ едім қатты, сол ұялшақтықты яғни өз өзіме деген сенімділікті ояттым осы жұмысымда.

Балаларды оқытып жүргенімде оларды нақты нәтижеге жеткізіп білім алып шығуына көмектескенім мен үшін үлкен жетістік.

Эмвэй компаниясында жоғары дәрежеге дейін жетіп миллионға жуық ақша тапқаным мен үшін жетістік.

Өмірдегі жетістігім өз күшіммен грантқа түсіп әке-шешеме жүк салмай стипендия алып жүргенім мен үшін үлкен жетістік болды.

Иманға келіп намаз оқып бастағаным да мен үшін үлкен жетістік.

Өз күшіммен жұмыс жасап жүргенім мен үшін үлкен жетістік.

Отбасын құрып 3 тәтті балапанның анасы атану да мен үшін үлкен жетістік.

Бөгде адамдарға көмектесіп қайғысынан арылуына себепші болуым да үлкен жетістік мен үшін.

Туысқандарымның арасында сыйлы болып жүруім де үлкен жетістігім.

Спортқа қатысып бірнеше рет жүлделі орындар алуым да мен үшін үлкен жетістік

Бойыңыздағы қандай 10 қасиетті дамытудасыз?

Бойымдағы ең бірінші ешкімге өкпелемеуді

жолдасыммен жақсы қарым қатынаста болуды

өмірде өзім сүйіп жасайтын жұмысымды жасауды

балаларыма жақсы ана болуымды

тәтті тағамдар дайындауды

әдемі көріну

салауатты өмір салтын ұстану

бойымдағы еріншектік қасиетті жоюды

тура жолда жүріп, өтірік айтпауды, өсек айтып бөгде адамдарды жамандауды

әрдайым жақсы ойда болып көркем өмір сүруді дамытудамын

Қандай тақырыпта ұзақ әңгіме айта аласыз?

Ана атану жайында. Денсаулық жайында. Отбасылық өмір жайында.

Сізде командамен жұмыс тәжірибесі болды ма? Сізге қайсысы көбірек ұнайды? - Әр клиентпен өзіңіз жеке жұмыс жасаған ба? Әлде, команданы басқарып, қызметтерді бөліп берген ұнайды ма?

Командамен жұмыс жасап көрдім. Әрине командамен жасалған жұмыс тез әрі жүйелі болады. Бірақ жеке жасайтын жұмыстар да болады. Команданы басқарып отырған ұнайды

Сіздің тапсырыс берушілеріңіз / клиенттеріңіз сізбен жұмыс жасаудың арқасында қандай да бір жетістіктерге жетті ме? Оларға қандай пайда әкелдіңіз?

Балаларға курс оқытып жүргенімде жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларым көп болды. Сетевойда жүргенде қыздарды жоғары уровеньге жетуге көмектесетінмін

Шығармашылық тапсырмаларды қалай шешесіз? Стандартты емес тапсырмаларды оңай шеше аласыз ба?

Жалпы көп ойланамын. Жолдасыммен ақылдасқан ұнайды

ӘДІСТЕМЕ

Сіздің жеке әдістемеңіз - сіздің салаңыз бойынша мақсатқа жетудің 3 қадамы және әр этаптың ішіндегі 3 қадам.

Ниет қою,

өзіңе ұнайтын жүрегің қалаған нәрсені түсіну

басқа адамдардың сөздерінен қорықпау

өз арманыңа мықты болу

жұмыстану

ерінбеу

өз-өзіңді қамшылап тұру

өз-өзіңді әрқашан тәрбиелеу

соңына дейін жеткізу

алға қойған мақсатыңның қандай керемет болатынын елестету

сенің қолыңнан келетінін яғни бөгде адамдардың сізге сенбеуінің қате екенін дәлелдеу

өмірде жақсы нәтиеже көрсете алатыныңды дәлелдеу

Қоғамдағы проблеманы шешудің сіз ұсынатын ерекше бір әдісі бар ма? Басқа әдістерден ерекшелігі.

Қоғамдағы басты проблемалардың бірі ол денсаулық болып табылады. Көп адамдар қазір дұрыс тамақтанбайды соның салдарынан әр түрлі ауруларға душар болып отыр. Менің ұсынысым оларға сапалы әрі пайдалы тағамдарды қолдану арқылы өз денсаулығын жақсаутуды айту. Бәрі бір фаст-фуд жеп кейін емделіп қырғын қаражатын жұмсаудың орнына дұрыс тамақтану арқылы сау болып жүру әлдеқайда артығырақ екенін түсіндіру

Инфобизнестегі өзіңіздің армандайтын жұмысыңызды айтып шығыңызшы - жұмыс қалай жүретін болады? Сіз не істейсіз? Қандай жұмыстарды басқаларға жүктейсіз?

Инфобизнесте мен өзімді продюсер кейпінде көріп тұрмын. Бірақ онымен тоқтап қалмай эксперттілік қасиетімді дамытатын боламын. Болашақта эксперт әрі продюсер болатыныма сенемін

Инфобизнестегі сіздің мақсатыңыз? Неліктен сізде курстың запускі керемет өтеді деп ойлайсыз? Қандай да бір ізгі, сауапты іске ниет етесіз бе? Неліктен Аллаһ Тағала сіздің жолыңызды жеңілдетіп, мықты жетістіктерге жеткізуі керек?

Инфобизнестегі менің мақсатым сапалы білім алып мықты маман иесі атану. Кейін адамдарға сапалы жұмыс жасау үшін сапалы білім өте маңызды. Себебі мен адамдарға еш жаманшылығым жоқ керісінше осы курс оқу арқылы жақсы табыс көзіне шықсам мұқтаж адамдарға көмектескім келеді

Запускқа арналған курсыңыздың тақырыбының өзектілігін тексеріңіз. Тақырып төңірегінде қазір кітаптар шығып жатыр ма?

Мен запускқа анашымның бала оқыту методикасын ұсынғым келіп отыр. Себебі қазіргі қоғамда баланың 4 сыныпқа дейін оқып жетілдіру ата-аналар үшін оңай емес. Көп ата-ана жұмыс басты болғандықтан балаларына қажетті көңіл бөле алмайды. Сондықтан осы мәселе бойынша запуск жасағым келіп отыр.

Сіздің салаңыз бойынша жетістікке жеткен бір экспертті атаңыз. Оның сторисін қарап, ол қандай идеяны сататыны жайлы ойланыңыз. Сіз де солай жасағыңыз келеді ме?

Менің салам бойынша ондай эксперттерді әлі көрмедім. Ешкімге еліктемей индивидуальный болуға ұмтыламын

БАЛАЛЫҚ ШАҚ (ӨТКЕНІҢІЗ)

Бала кезіңізде кім болуды армандадыңыз? Балалық шағыңызда немен айналысуды ұнататын едіңіз?

Балалық шағымда сатушы болғанды армандайтынмын

Өсе келе дәрігер болғым келетін

Сіздің достарыңыз, таныстарыңыз қызғаныш білдірген ерекше қасиетіңіз? Сіз нені жақсы істеп едіңіз?

Торт пісіріп білетін едім. Тазалықты жақсы көретінмін. Үйдің ішін 5 этаждан ерінбей түсіп кілемдерді қағатынмын және жазды күні жуатынмын

Бұрын қайда және кім болып жұмыс істедіңіз? Клиенттер, әріптес, бастықтарыңыз сізге не үшін рахметін айтатын еді?

Ең алғашқы жұмысым 17-18 жасымда ресторанда официант болып жұмыс істедім. Менің жауапкершілігіме және көп сөйлей бермейтінім ұнайтын бастықтарыма. Кейін НИПИнефтегазда аудармашы қызметінде болдым. Ол жерде менің имандылығым ұнайтын әріптестеріме және жауапкершілігім әрі шыншылдығым мен қарапайымдылығым, кез келген адамға көмегімді аямай тұратыным ұнайтын оларға.

Балаларды мектепке дайындық курсынан сабақ бергенмін. Ол жерде балалармен жақсы қарым қатынаста болғаным және оларды жақсы нәтижеге жеткізгенім ұнайтын

Сатуда тәжірибеңіз бар ма? Онлайн / оффлайн бірдеңе сатып көрдіңіз бе? Не саттыңыз?

Сатуда тәжірибем бар. Сетевой бизнесте жұмыс жасадым. Орифлэйм компаниясынан бастап Эмвэй компаниясына дейін жасадым. Эмвэй компаниясында үлкен уровеньдерге дейін жеттім, біраз қаражат жасадым.

ЖЕКЕ ҚАСИЕТТЕРІҢІЗ БЕН ДАҒДЫЛАРЫҢЫЗ

Өзіңіз жайлы 3 ерекше нәрсе айтыңызшы. Өмірдегі немесе жұмыстағы жеткен қандай 3 жетістігіңіз үшін мақтанасыз?

Ең басыты мақтана алатыным менің Ислам жолында тура жолда жүрегенім

тегін білім алғаным,

сетевойда үлкен уровеньге жеткенім

Өзіңізді 5 сөзбен сипаттаңызшы (жақсы қасиеттеріңіз)

Қарапайым

адал

шыншыл

әділ

жанашыр

Кімдермен жұмыс істегіңіз келеді? Кім сізге шабыт береді? Бұл арманыңыз мақсатыңызға байланысты ма?

Маған шабыт беретін менің балаларым. Мен олар үшін кез келген нәрсеге дайынмын

Егер ақша табуға қажеттілік болмағанда, сіз немен айналысар едіңіз?

Өз өзімді дамытумен. Балаларымның тәрбиесімен. Оларды дамытумен. Бүкіл әлемді шарлап саяхаттаумен.