Табиғатты тану әдістері

Бақылау

Жаратылыстанудан білім беру барысында қолданылатын әдістердің ерекше бір түрі - бақылау. Бақылаудың білімдік деңгейі жоғары. Оқушылар әр заттың, құбылыстың айырмасын, ұқсастығын, не солардың өздеріне ғана тән ерекшелігін бақылау нәтижесін де айыра алады.

Бақылаудың тиімділігін арттыру үшін бірнеше жұмыс түрлері ұйымдастырылады:

- Оқушылардың нені бақылайтынын білу;

- Бақылаудың мақсатымен танысу

- Бақыланатын заттың, не құбылыстың көлемін анықтау;

- Оқушылардың зейінін бақыланатын объектіге аудару;

- Салыстыру, жіктеу, топтау әдістерін бақылау нәтижесін қорытуда кеңінен қолдану.

Тәжірбие

Тәжірибе – заттар мен табиғат құбылыстарын танып білу мен зерттеу әдісі. Тәжірибе жүргізу үшін қажетті құралдар болып, жағдай жасалуы керек.


Тәжірибе өсімдіктермен, жануарлармен, өлі табиғат заттарымен жүргізіледі. Тәжірибе жасаудың алдында бәрін ойластырып, жоспар жасау керек.

Зерттеу әдістеріне үш кезең тән.

Бірінші - дайындык кезеңі: мұғалім не үшін ізденіс жүргізу керектігін түсіндіреді, керекті құрал-жабдықтарды дайындайды;

Екінші - мақсат қойып, ізденіс жүргізу кезеңі;

Орындалуы:

Жұптық

Жеке

Үшіншіден ізденіс нәтижесін қорыту, тұжырымдау кезеңі.