Биополимер
Биополимерлер
липопротеидтер
Эгликопротеидтер
липополисахаридтер
Биополимердің түрлері
Ақуыздар — көміртегі, сутегі, оттегі және азот, кейде күкірт элементтерінен құралған күрделі органикалық қосылыстар — биополимерлер. Олар әрбір жасуша мен оның цитоплазмасының негізін құрайды, сол себепті өмір текіті болып саналады, ақуызсыз тіршілік тоқтайды.
Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) — құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеотидтіқ 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин қышқылдары углеводты-фосфатты қаққасын калайды.
БИОПОЛИМЕРЛЕР
ерітінділері тірі ағзалардың негізгі құрылымы болып саналатын жоғары молекулалы қосылыс.
Биологиялық полимерлер, немесе макромолекулалар, молекулалары көп мәрте қайталанып отыратын буындардар.
Биополимерлердің маңызы
Біріншіден, олардың өзара әсері барлық функционалдық топтарының бір-бірімен тығыз байланысуымен — кооперативтігімен, ерекшеленеді. Осынан полимердің бір тобының өзара әсерінен оның басқа топтарының өзара әсерлесу сипаты өзгереді. Оған мысал ретіңде гемоглобин ақузының оттегі молекуласын байланыстыруын келтіруге болады.
Екіншіден, биополимерлер ішкі полимерлік кешендер құрай алады.
Осындай кешендердің пайда болуының және биополимерлердің басқа да қасиеттерінің арқасында ақуыздар мен нуклеин қышқылдары биосинтезі, зат алмасу процесінің реттелуі, иммундық реакциялар және басқа да маңызды биологиялық процестер атқарылады.
Нуклеин қышқылдарының
маңызы
Нуклеин қышқылдары биологиялық тұрғыдан маңызды рөл атқарады.Олар тірі организмдердегі генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын клетканың (жасушаның) маңызды кұрам бөліктері болып табылады.
Нуклеин қышқылдары белок биосинтезіне қатысады және тірі организмдерде тұқым қуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді.
ДНҚ жасуша ядросының хромосомасында (99%), рибосомаларда және хлоропластарда, ал РНҚ ядрошықтарда, рибосомаларда, митохондрияда, пластидтер мен дитоплазмада кездеседі.
Полисахаридтер
Полисахаридтер, гликандар — молекуласында гликозидті байланысқан 10-нан артық моносахарид қалдықтары бар көмірсулар. Полисахаридтердің молекулалық массасы бірнеше мыңнан бірнеше млн-ға дейін жетеді.
Полисахаридтердің маңызды өкілі — крахмал мен целлюлоза.
Крахмал
Крахмал — табиғи полимер. Ол екі полисахаридтен: амилоза мен аминопектиннен тұрады
Крахмал (С6Н10О5)n табиғатта кең тараған полисахарид. Күріште 80%-ке дейін, бидай мен жүгеріде 70—75%, картоп түйіндерінде 20% крахмал болады.