Практикалық сабақ №2

Педагогикалық менеджменттің жүйелі сипаты

Педагогикалық менеджмент субъектері қызметінің мақсаты. Мақсат нәтиже үлгісі.

Педагогикалық менеджмент – бұл қағидалардың, әдістердің,
ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін
көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару.

Педагогикалық менеджмент тұрғысынан алғанда кез келген оқытушы
оқу-танымдық процесінің менеджері болады (оларды басқару субъектісі
ретінде), ал орта білім беру мекемелерінің жетекшісі – жалпы алғанда оқутәрби процесінің менеджері (осы процесті басқаратын субъект ретінде).

Менеджмент субъектісі ретінде оқытушының жете білушілігі
оның кәсіби функцияларын орындауға даярлығы, әлеуметтік құрылымдармен
үйлесімді бірлікте болуымен және оның психологиялық-педагогикалық дайындығымен сипатталады.

Педагогикалық менеджменттің міндеттері.

Педагогикалық менеджмент міндеттері басқару мазмұнымен анықталады. Басқару мазмұны функцияланының мына төмендегі компоненттердің өзара үйлесімділігі:

Жоспарлау

Ұйымдастыру

Реттеу

Бақылау

Есеп жүргізу

Талдау

Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:

Басқару шешімдерін рәсімдеу, оқыту мазмұнына сәйкес бағдарламалар мен жоспарлар дайындау, оның орындалу мерзімі мен жауапты қызметкерлерін көрсету;

Жиналыстар, педагогикалық кеңестер, семинарлар өткізу туралы нұсқаулар беру;

Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын жоспарлау, яғни іс-қимыл стратегиясын әзірлеу;

Басқару шешімдерін дайындау және қабылдау, кадрларды іріктеу және оның кәсіби біліктілігі мен психологиялық ерекшеліктеріне қарай өзара міндеттерін бөлісу, кеңестер беру, т.б..