Ата-аналар, мектеп мұғалімдері және оқушылардың қатысуымен өткізілетін шаңырақтар арасындағы спорттық-бұқаралық іс-шаралар
Мақсаты:
"Ата-ана-оқушы- мектеп" байланысын салауатты өмір салтын насихаттау арқылы нығайту
Дене шынықтыру және АӘТД ӘБ мұғалімдері мектептегі жылдық спорттық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес өткізу жоспарын құрады
1.Рөлдер бөлінеді
Дене шынықтыру және АӘТД ӘБ мұғалімдері
1. Іс-шараның ережесін, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын ескере отырып, даярлайды
2. Іс-шараның өткізілу орыны мен пайдаланылатын құралдарды, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын ескере отырып, даярлайды
3. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды, қатысушыларды марапаттау үшін дипломдар, медальдар, кубоктар және естелік сыйлықтармен қамтамассыз ету жолдары қарастырылады
1. Жылдың басында ДШ мұғалімдері, мектептің қаржы бөліміне жоспарға сәкес медальдар, кубоктарға тапсырыс береді.
2. ДШ мұғалімдері, мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, потенциалды демеушілер тізімін құрады және олармен байланысқа шығып, жоспарланған игі істі өткізуге өз үлесін қосуға шақырып, мәселе оң шешімін табады.
4. ДШ мұғалімдерінен құрылған қазылар алқасы сайланады
1. Жарыстың әділ өтуін қамтамассыз етеді.
2. Ұпайларды есептеп, жарыстың қорытындысын шығарады
Кураторлық қызмет
1. Ата-аналар қатысуын қамтамассыз етеді
1. Ата-аналармен байланысқа шығып, өткізілетін жарыстың ережелерімен таныстырады
2. Жарыс талаптарына сәйкес ата-аналардан команда жасақтайды
2. Оқушылардың қатысуын қамтамассыз етеді
1. Оқушыларды өткізілетін жарыстың ережелерімен таныстырады.
2. Жарыс талаптарына сәйкес оқушылардан команда жасақтайды
1.Оқушылар:
1. Жарыс талаптарына сәйкес оқушылар өз командаларына пән мұғалімдерін тартады.
Мектептің типография, фото-видео түсіру, IT- қызметі
1. Дипломдар мен алғыс хаттарды басып шығарады
2. Жарысты өткізу орындарында сапалы фото,видео материалдары түсіріледі.
3. Жарысты өткізуге қажетті АКТ-дың дұрыс жұмыс жасауын қамтамассыз етеді.
Мектептің хореографтары және музыка саласындағы мамандар қызметі
1. Іс-шараныі ашылу салтанаты, өту кезінде және жабылу салтанатында әнші, биші оқушылардан құрылған ансамбльдердің өнер көрсетулерін қамтамассыз етеді.
2. Іс-шараның ашылу салтанаты, өту кезінде және жабылу салтанатында әуендермен сүйемелеуді қамтамассыз етеді.
Мектептің баспасөз қызметі
1. Әлеуметтік желілерде өткізілетін іс-шараны жарнамалайды.
2. Өткізілген іс-шараға қатысушылардан интервью алады, әлеуметтік желілерде қорытынды нәнижелерді жариялайды.
Дәрігерлік қызмет
1. Жарысқа қатысатын оқушылардың денсаулығын ескере отырып, рұқсат қағаздарын береді
2. Жарыс кезінде жарақат алғандар болса, медициналық көмек көрсету талаптарына сәйкес қызмет көрсетеді.
Күзет қызметі
1. Жарыс өту кезінде қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін әрекеттердің алдын алу шараларына жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Ата-ана, оқушымен бірге, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, бала тәрбиесіне үлесін қосады
Ата-ана, оқушылар, мұғалімдер біріге қатысқан іс-шарадан жағымды психо-эмоционалды әсер алып, сергіп, демалысын көңілді және пайдалы өткізеді.