类别 全部 - защита - образование - развитие

作者:Рауан Уралбеков 3 年以前

280

Ментальная карта

Важен документ, приет в Ню Йорк през септември 1990 г., се ангажира с осигуряването на светло бъдеще за всяко дете по света. Децата, описани като невинни, уязвими и зависими, имат нужда от среда, изпълнена с радост, мир, игри, учене и развитие.

Ментальная карта

ДЕКЛАРАЦИЯЛАР

Балалардың өмір сүруі, қорғанысы мен дамуын қамтамасыз ету туралы дүниежүзілік декларация

1. Біз жоғарғы дәрежедегі Дүниежүзілік кездесуде балалардың мүдделері үшін, бірлесе отырып, өзімізге міндеттеме ала, бұлжытпай жалпыға ортақ үндеу – әр балаға жарқын болашақ қамтамасыз ету – тастай отырып, бас қостық. 2. Әлемдегі балалар пәк, осал және тәуелді. Олар сондай-ақ білмқұмар, энергия мен үмітке толы. Олардың уақыты қуаныш пен бейбітшіліктің, ойын, оқу мен дамудың уақыты болу керек. Олардың болашағы үйлесімділік пен ынтымақтастыққа негізделу керек. Олардың перспективалары кеңейіп, тәжірибелері артқан сайын олардың өмірі анағұрлым толыққандырақ болу керек. 3. Бірақ көптеген балалар үшін балалық шақ шындықтары мүлде басқа. Мәселе 4. Күн сайын әлемдегі көптеген балалар олардың өсуі мен дамуына кедергі келтіретін қауіп-қатерге шалдығады. Олар соғыс пен зорлықтың құрбандары бола тұра; нәсілдік кемсітушілік, апартеид, басқыншылық, шетелдік басып алу мен аннексия; босқын және күшпен орындары ауысқан балалар болып, өзінің үйлері мен ошақтарын тастауға мәжбүр бола тұра; мүгедек бола тұра; немесе немұрайдылық, қатыгездік пен қанау сынды көптеген азаптарға шалдығады. 5. Күн сайын миллиондаған бала кедейлік пен экономикалық дағдарыс ауыртпалығынан – аштық пен үйдің болмауынан, эпидемия мен сауатсыздықтан, қоршаған орта деградациясынан зардап шегеді. Сыртқы қарызбен байланысты мәселелердің ауыр салдарынан, сондай-ақ көптеген дамушы мемлекеттерде, әсіресе артта қалушы мемлекеттерде тұрақты және бірқалыпты дамудың жоқтығынан зардап шегеді. 6. Күн сайын аштық, ауру, соның ішінде жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (ЖИТС-тан), таза судың жоқтығынан, нашар тазалық жағдайларынан, сондай-ақ нашақорлық мәселесімен байланысты салдардан 40 000 бала қаза болады. 7. Біз саяси көшбасшылар ретінде шешуіміз керек мәселелер осы. Мүмкіндіктер 8. Бірлесе отырып, біздің мемлекеттерд, балалар өмірін қорғау мен олардың азаптарын жеңілдету, олардың адамгершілік әлеуетінің жан-жақты дамуына қолдау жасау және олар өздерінің қажеттіліктері, құқықтары мен мүмкіндіктерін өздері түсіну үшін қаражат пен білім жеткілікті. Бала құқықтары туралы конвенция балалардың құқықтары мен игілігіне жалпыға ортақ құрметке жаңа мүмкіндік ашады. 9. Соңғы уақытта орын алған халықаралық саяси ахуалдың жетілдірулері бұл мәселені шешуді жеңілдете алады. Халықаралық келісім мен ынтымақтастық негізінде, қазіргі таңда көптеген салаларда – экономикалық өсу мен дамуды жандандыру, қоршаған ортаны қорғау, қатерлі және мүгедектікке әкелетін аурулардың таралуын тоқтату және анағұрлым әлеуметтік және экономикалық әділдікке қол жеткізу сынды нақты нәтижелерге жетуге болады. Қазіргі таңдағы қарудан бас тарту қадамдары, сондай-ақ әскери емес сипаттағы мақсаттарға жету үшін маңызды ресурстардың босатылуы мүмкін екендігін білдіреді. Бұл ресурстар қайта таратылған кезде балалар амандығын қамтамасыз ету бірінші кезектегі мәселе болу керек. Міндеттер 10. Балалардың тамақтануы мен денсаулығын жақсарту шешімін тапқан, бірінші кезектегі міндеттеме болып тапбылады. Күн сайын ондаған мың ұлдар мен қыздардың өмірі сақталуы мүмкін, себебі олардың қаза болу себептерін жоюға болады. Әлемнің көптеген бөлігінде балалар мен нәрестелердің өлімі тым жоғарғы деңгейде, бірақ қазіргі таңда белгілі болған әрі қол жетімді құралдарды қолдану арқылы едәуір төмендеуі мүмкін. 11. Мүгедек балалар, сондай-ақ аса ауыр жағдайлардағы балаларға ерекше назар аударып, қамқорлық, қолдау көрсету керек. 12. Әйел адамдардың рөлін нығайту мен оларға тең құқықтарды беру бүкіл әлем балаларына оң әсер етеді. Басынан бастап қыз балаларға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етіп, оларға тең мүмкіндіктер беру керек. 13. Қазіргі таңда 100 миллионнан артық баланың негізгі орта білім жоқ, оның үштен екі бөлігі қыздар. Негізгі білім беру мен сауаттылықты қамтамасыз ету әлем балаларының даму мүддесінде жасалған маңызды үлес болып табылады. 14. Жыл сайын бала туумен байланысты себептерден жарты миллион ана көз жұмады. Барлық мүмкін құралдармен аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Негізгі назарды отбасы мүшелері санының саналы жоспарлауы мен бала туу арасындағы аралыққа аудару керек. Балалардың өсуі мен амандығының табиғи ортасы мен негізгі ұяшық болып табылатын отбасын қамқорлық пен көмектің барлық мүмкін түрлерімен қамтамасыз ету керек. 15. Барлық балаларға қауіпсіз әрі жағымды жағдайларда, олардың игіліктерін қамтамасыз етуші отбасы немесе қамқоршы ортада өздерін тұлға ретінде анықтау мен өз мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік туғызылу керек. Олар еркін қоғамда жауапкершілік өмірге дайын болу керек. Ерте жастан бастап олардың өз мемлекеттерінің мәдени өміріне араласуын көтермелеу керек. 16. Экономикалық жағдайлар бала тағдырына, әсіресе дамушы мемлекеттерде, ерекше әсер етеді. Барлық балалардың болашағы үшін барлық мемлекеттерде тұрақты және ұдайы экономикалық өсу мен дамуды қамтамасыз ету немесе жандандыру, сондай-ақ дамушы мемлекет-дебиторлар шалдығатын сыртқы қарыз мәселелерін жедел, түгелдей және ұзақ мерзімді шешілуіне аса назар аударуды жалғастыру қажет. 17. Бұл міндеттер барлық мемлекеттердің ұлттық деңгейдегі іс-шаралары мен халықаралық ынтымақтастық негізіндегі ұзақ және келісімді күштерді талап етеді. Міндеттемелер 18. Балалардың амандығы ең жоғарғы дәрежедегі саяси шараларды талап етеді. Біз бұл шараларды қабылдауға әзірміз. 19. Осымен біз салтанатты түрде бала құқытарына, олардың өміріне, қорғанысы мен дамуына бірінші кезекте назар аудару бойынша өз мойнымызға міндеттеме аламыз. Бұл сондай-ақ барлық мемлекеттердің игілігін қамтамасыз етеді. 20. Біз халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, сондай-ақ жеке мемлекеттер дәрежесінде бірлесе отырып жұмыс жасауға келістік. Осымен біз мақсаты бала құқықтарын қорғау мен олардың өмірлерін жақсарту болып табылатын 10 тармақтан тұратын келесі бағдарламаға адалдығымызды білідреміз: 1) Мүмкіндігіне қарай Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау мен жүзеге асырылуын жылдамдатуға ты
Нью-Йоркте 1990 жылғы 30 қыркүйекте қабылданды

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

6 бап Әр адам қай жерде жүрсе де, құқықтық субъектісі ретінде танылуына құқылы. 7 бап Заң алдында жұрттың бәрі тең және де заң арқылы алаланбай, бірдей тең қорғалуға құқылы. Барлық адам осы Декларацияның ережелерін бұзатын кемсітуден және кемсітуге арандатушылықтың барлық түрінен тең қорғалуға құқылы. 8 бап Әр адам, конституциямен, немесе заңмен берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда, құқығын құзыретті ұлттық сот арқылы тиімді түрде қалпына келтіруге құқылы. 9 бап Ешкім де негізсіз тұтқындалуға, қамауда ұсталуға немесе қуғынға ұшыратылуға тиіс емес. 10 бап Әр адам, өзінің құқықтары мен міндеттерін анықтап, өзіне тағылған қылмыстық айыптаудың негізділігін белгілеу үшін, ісі толық теңдік негізінде, әділеттік талаптарға сай, тәуелсіз және әділ сот арқылы ашық қаралуына құқығы бар. 11 бап 1. Қылмыс жасады деп айыпталған әр адам, қорғану құқығы қамтамасыздандырылып, заңды және ашық сот талқылауы оның кінәсін толық анықтағанға дейін, кінәсіз деп есептелуге құқығы бар. 2. Ешкім де жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі негізінде, егер ол әрекеті ұлттық заңдар мен халықаралық құкық бойынша қылмыс болып саналмаса, жауапқа тартылмайды. Сонымен қатар қылмыс үшін берілген жаза, қылмыс жасалған кезде заңмен көзделген жазадан ауыр болмауға тиіс. 12 бап Әр адам жеке және отбасылық өміріне өзгелердің өз бетінше араласуынан, озбырлық жасап баспанасына, хат жазысып-алысу құпиясына қол сұғуынан, ар-намысы мен абырой беделіне нұқсан келтіруінен қорғалуға құқығы бар. 13 бап 1. Әр адамның әр мемлекеттің ішінде жүріп-тұруына және өз қалауынша тұратын мекен-жайды таңдауына құқығы бар. 2. Әр адам кез келген елден, соның ішінде өзінің туған елінен, басқа елге қоныс аударуға және өз еліне қайтып оралуға құқылы. 14 бап 1. Әр адамның қуғынға ұшыраған жағдайда, басқа елдерден баспана іздеп және сол баспананы пайдалануға кұқығы бар. 2. Бұл құқық шынтуатында саяси емес қылмыстың негізінде, немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына қайшы келетін әрекеттері үшін қуғындалғандарға жүрмейді. 15 бап 1. Әр адамның азаматтыққа құқығы бар. 2. Ешкімді де азаматтығынан немесе азаматтығын өзгерту құқығынан еріксіз айыруға болмайды. 16 бап 1. Кәмелеттік жасқа толған ерлер мен әйелдер өздерінің нәсіліне, ұлтына, дініне қарамастан некеге тұрып, отбасын құруға құқылы. Олар некеге тұрған, некеде болған және ажырасқан кезде бірдей кұқықтарды пайдаланады. 2. Неке, тек екі жақтың өзара еркін және толық келісімі бойынша ғана қиылады. 3. Отабасы қоғамның табиғи және негізгі ұясы болып табылады, және қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуға кұқылы. 17 бап 1. Әр адамның дүние мүлікті жеке өзі, немесе басқалармен бірлесіп иемденуге құқығы бар. 2. Ешкім де өз мүлкінен еріксіз айрылмауға тиіс. 18 бап Әр адам ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығына құқығы бар; бұл құқық өз дінін немесе наным-сенімін өзгерту еркіндігін, өз дінін, наным-сенімін жеке өзі, немесе басқа адамдармен бірігіп тұтып, жария түрде, немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, діни салт-жораларын орындау бостандығын да қамтыйды. 19 бап Әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез-келген құралдар арқылы тарату бостандығын да қамтыйды. 20 бап 1. Әр адамның бейбіт жиналыстар және ассоциацияаларды құру бостандығына құқығы бар. 2. Ешкімді де белгілі бір ассоциацияға зорлықпен кіргізуге болмайды. 21 бап 1. Әр адамның, өз елін басқару ісіне тікелей өзі, немесе ерікті түрде сайланған өкілдері арқылы қатысуға құқығы бар. l
5 бап Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге, немесе жазалануға тиіс емес.
4 бап Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады. l
3 бап Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы.
2 бап Әр адам, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, тектік-топтық, немесе басқа да жағдаяттарға қарамастан осы Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықтарға алаланбай, бірдей тең ие болуы тиіс. Сонымен қатар, ешкім де өзі тұратын елінің, не болмаса территорияның саяси, құқықтық, немесе халықаралық мәртебесінің негізі бойынша, және де ол территория тәуелсіз, әлде
1 бап Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.
Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ (Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.) в

1-бап Осы Конвенцияның мақсаттары үшін әрбір адам баласы 18 жасқа толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады. 2-бап 1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің юрисдикциясы шектерінде тұратын әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді. 2. Қатысушы мемлекеттер баланы кемсітушіліктің немесе баланың, оның ата-анасының, заңды қамқоршыларының немесе отбасының өзге де мүшелерінің мәртебесінің, қызметінің, көзқарасының немесе сенім-нанымдарының негізінде жазалаудың барлық нысандарынан қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды. 3-бап 1. Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттердің, оларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік немесе жеке мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе заң шығарушы органдардың қабылдағанына қарамастан, бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді. 2. Қатысушы мемлекеттер заң бойынша бала үшін жауапкершілікті мойнына алған оның ата-анасының, қамқоршыларының немесе басқа да адамдардың құқықтары мен міндеттерін назарға ала отырып, баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды. 3. Қатысушы мемлекеттер балалардың қамқорлығына немесе оларды қорғауға жауапты мекемелердің, қызмет көрсетуші орындар мен органдардың құзыретті органдар белгілеген нормаларға, атап айтқанда қауіпсіздік пен денсаулық сақтау саласында және олардың персоналының саны мен жарамдылығы, сондай-ақ құзыретті қадағалау тұрғысынан да сәйкес келуін қамтамасыз етеді. 4-бап Қатысушы мемлекеттер осы Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті заң шығарушы, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдайды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарға қатысты қатысушы мемлекеттер мұндай шараларды мүмкіндігінше өздерінде қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қажет болған жағдайда, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде қабылдайды. 5-бап Қатысушы мемлекеттер ата-аналардың және тиісті жағдайларда кеңейтілген отбасы немесе қауымдастық мүшелерінің, жергілікті салт-дәстүрімен көзделгендей, қамқоршылардың немесе баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес және осы Конвенциямен танылған құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік ететін, бала үшін заң бойынша жауапты басқа да адамдардың жауапкершілігін, құқықтары мен міндеттерін құрметтейді. 6-бап 1. Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығы бар екенін таниды. 2. Қатысушы мемлекеттер барынша мүмкін дәрежеде баланың тірі қалуын және денсаулығының мықты болып өсуін қамтамасыз етеді. 7-бап 1. Бала туылған бетте тіркеуге алынады және туылған сәттен бастап оның есімі қойылып, азаматтық алуға құқығы бар, сондай-ақ мүмкіндігінше өзінің ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылы. 2. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес осы құқықтардың жүзеге асуын және осы саладағы тиісті халықаралық құжаттарға сәйкес, атап айтқанда, егер өзгеше түрде баланың азаматтығы болмаған жағдайда, өздерінің міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді. 8-бап 1. Қатысушы мемлекеттер заңмен көзделгеніндей, баланың жеке басының даралығын, бұған азаматтығын, есімін және отбасылық байланыстарын сақтау құқығын қоса алғанда, оған заңсыз араласуға жол бермей, құрметтеуге міндеттенеді. 2. Егер бала заңсыз түрде өзінің жеке басының даралығының бір бөлігінен немесе барлық элементтерінен айырылса, қатысушы мемлекеттер оған оның жеке басының даралығын тез арада қалпына келтіру үшін қажетті көмек пен қорғауды қамтамасыз етеді. 9-бап 1. Қатысушы мемлекеттер сот шешіміне сәйкес құзыретті органдар қолданыстағы заңға және рәсімдерге сәйкес баланың ең қажетті мүдделері үшін оны ата-анасынан айыру қажет екендігін анықтаған жағдайларды қоспағанда, баланың өзінің ата-анасымен өздерінің тілегіне қарсы айырылыспауын қамтамасыз етеді. Мұндай анықтама сол немесе өзге бір нақты жағдайда, мысалы, ата-анасы балаға мейрімсіздік танытқан немесе оған қамқорлық жасамаған, не болмаса ата-анасы бөлек тұрып жатқан және баланың тұрып жатқан жеріне қатысты шешім қабылдау қажет болғанда керек болуы мүмкін. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес кез келген іс қарау барысында мүдделі тараптардың бәріне іс қарауға қатысу мүмкіндігі және өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беріледі. 3. Қатысушы мемлекеттер ата-анасының біреуімен немесе екеуінен де айырылысқан баланың құқығын құрметтейді, тұрақты негізде оның ата-анасының екеуімен де жеке қарым-қатынастарын және тікелей байланыстарын, бұл баланың ең бір қажетті мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, қолдайды. 4. Бұлай айыру қатысушы мемлекет қабылдаған қандай да бір шешімнен туындайтын жағдайларда, мысалы, қамауға алынған, түрмеге жабылған, жер аударылған, депортацияланған немесе ата-анасының біреуінің не болмаса екеуінің де не баланың қайтыс болған кезінде (бұған осы адамның мемлекет қарауында болған кезіндегі кез келген себептен болған өлімді қоса алғанда) болғанда, мұндай қатысушы мемлекет ата-анаға, балаға немесе, егер қажет болса, отбасының басқа да мүшесіне олардың өтініші бойынша отбасы мүшесінің/мүшелерінің қай жерде жүргеніне қатысты қажетті ақпаратты, егер мұндай ақпарат беру баланың әл-ауқатына нұқсан келтірмейтін болса, беретін болады. Қатысушы мемлекеттер бұдан әрі осындай өтініштің өзі тиісті тұлға/тұлғаларға қатысты жағымсыз салдарларға әкеп соқпауын қамтамасыз е