Luokat: Kaikki

jonka Данияр Тореалиев 7 kuukautta sitten

41

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.

Казахстанское законодательство акцентирует внимание на защите прав ребенка, устанавливая строгие нормы для родителей и других законных представителей. Оно запрещает любые действия, которые могут нанести вред физическому или психическому здоровью ребенка, а также его моральному развитию.

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.

15 бап

9 тарау

52 бап
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі. Сонымен қатар кез-келген келіспеушіліктерді сындарлы кері байланыс арқылы коммуникациялық негізде шешуге болады.Кез келген келіспеушілік туындағанда талдауға, талқылауға, қорытынды жасауға мүмкіндік жасау арқылы ауызша кері байланыс ұсынумен шешуге болады. Ульям сындарлы кері байланыстың 5 негізін ұсынады.

ДАМЫТУШЫ – болашақ дамуға көмек көрсетуге бағытталған болу керек

. САЛДАРЫМЕН – бұл әрекеттердің салдарын көрсету: ол келіспеушілік өзіне, білім алушыларға, оқу үдерісіне қалай әсер етеді

СЫНДАРЛЫ – болашақта көруге болатын әрекеттер нұсқаларын, өз шешімін ұсыну

УАҚЫТЫЛЫ – келіспеушілік болған уақыттан келесі күнге кешіктірмей, кері байланыс беру

АНЫҚ – келіспеушілікке байланысты нақты іс-әрекеттің үлгісін сипаттау

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті мемлекеттік органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

3) электрондық тәсілмен – сұрау салынған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті мемлекеттік органдар жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

2) поштамен – тапсырысты хатпен;

қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және отбасына қабылдауға ниет білдірген адамдардың республикалық деректер банкіндегі, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесіндегі деректерді, сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан түскен мәліметтерді және түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру арқылы жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдардың білім басқармасының органдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары, балалардың білім алу, тамақтануын, тасымалын, демалысын, сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі білім беру ұйымдары бақылау субъектілері болып табылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Баланың құқықтарын іске асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметі баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау объектісі болып табылады.
Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталады және оны уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құзыреті шегінде жүзеге асырады.
49 бап
Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс.
48 бап
2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайын, психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс.
1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады